Ирак Сириямен арадағы шекараны ашты

911

Мақсат – екі ел арасындағы сауда қатынастарын жандандыру.

Ирак Сириямен арадағы шекараны ашты

Ирак 7 жыл бойы жабық болған Сириямен арадағы шекара бекетін ашты, деп хабарлайды Atameken Business.

Шекарлық аймақта орналасқан Әл-Кайм мен Абу-Камал осыған дейін лаңкестердің бақылауында болған еді. Тағы бір бекетті қазір күрдтер басып алған. Үшіншісіне сириялық содырлар иелік етеді.

Шекараның ашылуы аймақтағы Иранның ықпалын күшейтеді. Осы жол арқылы олар Сирияның шығысын толық бақылауға алады.

"Бүгін Әл-Кайм мен Абу-Камал арасындағы шекараның ашылғанын хабарладық. Бұл – Сирия мен Ирак халқына ортақ жеңіс. Біз лаңкестік ұйымдарды осы аймақтан ығыстырдық. Енді экономикалық байланыс қайта жанданады деп үміттенеміз",– дейді Сирияның ішкі істер министрі Мохаммед Халед.

Айта кетсек, 30 қазан күні Женеваға Сирияның Конституциялық комитеті шақырылады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі мәлімдеді. Оның құрамында 150 азамат бар. Оларды сириялықтардың өзі басқарады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу