Ирак тұрғындары қатты жабырқап қалды

Елдің барлық провинциясында ұлттық энергия жүйесінің істен шығуына байланысты жарық жаппай сөндірілді. 

Ирак тұрғындары қатты жабырқап қалды Фото: AP Photo / Hadi Mizban

Анадолының жазуынша, бұл тұрғындарға қатты қиындық тудырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ирактың Электр энергетикасы министрлігі энергия жүйесінің күйреуіне әкелген апаттың себептерін анықтау үшін тергеу басталғанын мәлім етті. 

Ведомство сонымен қатар жүйенің толық істен шығуынан кейін тоқтаған электр станциялары мен электр жеткізу желілерін қайта іске қосу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. 

Қазіргі уақытта елдің көптеген ауданында мемлекеттік электр энергиясының орнына ақылы түрде халықты электрмен қамтамасыз ететін жеке кварталдық генераторлар пайдалануда. 

2025 жылдың тамыз айында да Ирактың бүкіл энергия жүйесі аптап ыстық пен электр энергиясын тұтынудың күрт өсуіне байланысты істен шыққан еді. 

Бұған дейін "Ирандағы соғыс хаосқа айналып барады" деген тақырыпта мақала жариялаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу