Ирак түрмесінде Қазақстанның алты азаматы аштық жариялады

541

Олар лаңкестік ұйымға қатысқаны үшін жазасын өтеп жатқандар. 

Ирак түрмесінде Қазақстанның алты азаматы аштық жариялады Фото: gov.kz

Ирак түрмесінде лаңкестік ұйымға қатысқаны үшін жазасын өтеп жатқан Қазақстанның алты азаматы аштық жариялады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

"24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігіне Ирак билігінің лаңкестік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру үкіміне наразылық ретінде бірнеше шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан азаматтары аштық жариялағаны туралы хабарлама келіп түсті. Ереуіл Бағдадтағы Русафа-6 түрмесінде болған", - деді Смадияров сейсенбі күні Астанада өткен брифингте.

Оның айтуынша, тұтқындар экстрадициялау процедурасының тезірек жүргізілуін талап етіп отыр.

Наразылық акциясы Ирак билігінің рақымшылық туралы заңға қол қоюы туралы қауесеттер аясында басталды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ирак билігі осы жылы барлық санаттағы қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау туралы заң қабылдауды жоспарлап отыр. Рақымшылыққа ілінген адамдар жазасының үштен бірін осы елде өтеуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу