Ирак түрмесінде жатқан 14 қазақстандық бала елге қайтарылды

1276

Олардың аналары сотталып, террористік әрекетке қатыстылығы үшін түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Ирак түрмесінде жатқан 14 қазақстандық бала елге қайтарылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде аналарымен Ирак түрмесінде жатқан 14 қазақстандық бала елге қайтарылды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Олардың аналары сотталып, террористік әрекетке қатыстылығы үшін түрмеде жазасын өтеп жатыр",– делінген таралған хабарламада.

Бұл акцияны балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз  байланыса отырып жүзеге асырды.

"Құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышатын болады",– дейді СІМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу