Иракқа жаңа президент сайланды

1081

Бұған дейін Ирактағы Күрдістанның аймақтық үкіметінің премьер-министрі және Ирак федералды үкіметінің вице-премьері болды.

Иракқа жаңа президент сайланды

Күрдістанның Патриоттық одақ өкілі  Бархам Салих парламенттік дауыс берудің екінші кезеңінің нәтижесі бойынша Ирактың жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Бархам Салих 1960 жылы Иракта туылған. 1987 жылы Ұлыбританияның Ливерпуль университетінде докторлық дәрежесін алды. Бұған дейін Ирактағы Күрдістанның аймақтық үкіметінің премьер-министрі және Ирак федералды үкіметінің вице-премьері болды.

Бұрын хабарланғандай, Күрдістан Демократиялық партиясы осы партияның өкілі Фуад Хусейннің кандидатурасын алып тастаған болатын, себебі дауыс берудің бірінші кезеңінде Бархам Салихке 165 депутат, ал Фуад Хусейнге 89 дауыс берілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу