Иракта әскери аэродром өртенді

195

Өрттің себебі туралы ақпарат әлі түспеді.

Иракта әскери аэродром өртенді Фото: Shafaq News

Ирактың солтүстігінде Эрбилдің шетіндегі Харир әскери аэродромының маңында өрт шықты. Бұл туралы Shafaq News порталы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жергілікті дереккөз сейсенбіде Эрбильдің шетіндегі Харир әскери әуежайында өрт шыққанын хабарлады", - делінген басылымда.

Өрт сөндірушілер өртті сөндіруге аттанды, ал оқиғаның себептері туралы ақпарат әлі түскен жоқ.

22 сәуірде Ирактағы АҚШ-тың "Айн әл-Асад" әскери әуе базасына жақын маңнан ұшырылған ұшқышсыз ұшақ шабуыл жасады. Белгісіз дрон Ирактың батысындағы Анбар провинциясындағы аэродромға шабуылдады. Әуе базасында халықаралық коалиция күштері, соның ішінде АҚШ әскери қызметшілері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу