Ирак астанасы Бағдадта екі жойқын жарылыс болып, 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24Хабар.
Тағы 54 кісі жарақат алған. Лаңкестер жарылғышты халық көп жүретін шаһар орталығындағы базарда іске қосқан. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, алғашқы жарылыстан соң адамдар оқиға орнына топырлап жиналған сәтте лаңкестер екіншісін жарған. Әзірге террорлық актілерді ешқандай топ мойнына алған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу