Иракта Күрдістанға тәуелсіздік беруге қатысты референдум өтеді

898

Иракта Күрдістанға тәуелсіздік беруге қатысты референдум өтеді

Түркияның әскери әуе күштері Ирактың батысындағы "Күрдістан жұмысшылар партиясына" тиесілі лагерге соққы жасады. Нәтижесінде оқ-дәрі қойылған қойманың күл-талқаны шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы түрік жауынгерлері мәлімдеді. Сондай-ақ олар елдің Иракпен шекаралас аумағында әскери оқу-жаттығуын бастады. Мұнда шамамен 100-ге жуық әскери техника тартылған. Мәліметтерге қарағанда, мұндай шара Ирактағы Күрдістанның тәуелсіздік туралы референдумы қарсаңында арнайы ұйымдастырылды.

Бұған дейін саяси науқанның өтуіне ресми Бағдат пен Анкара және Тегеран қарсылықтарын білдірген. Түркия әскерилерінің айтуынша, оқу-жаттығу 26-қыркүйекке дейін жалғасады. Ал Ирактағы Күрдістан билігі референдум күнін 25 қыркүйекке белгілеген.

Айта кетейік, негізінен күрдтердің басым бөлігі Түркияда қоныстанған. Сондықтан ресми Анкара егер олар Ирактан тәуелсіздік алса, елдің оңтүстік-шығысындағы ахуал ушығып кетеді деп алаңдаулы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу