Ел әскері халықаралық коалицияның қолдауымен содырларды Мосул шаһарының солтүстік-шығысынан шабуылдай бастаған. Жауынгерлер экстремистердің кері шегінуіне мәжбүр болғанын хабарлап отыр.
Айта кетейік, Мосул Ирак пен Левант лаңкестік тобының бейресми астанасы саналады. Оны азат ету операциясының жүріп жатқанына жарты жылдан асып кетті. Осы күнге дейін шаһардың шығысы толығымен жаудан тазартылған. Қазір батыс аудандары үшін шайқас жүріп жатыр. Әскери операцияға үкімет жасағы, күрт жауынгерлері мен АҚШ бастаған халықаралық коалиция қатысып келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу