Ирактың солтүстігіндегі Эрбил провинциясындағы мұнай өңдеу зауытының қоймасында қатты өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Rudaw-ге сілтеме жасап.
"Эрбилдегі мұнай өңдеу зауытында қатты өрт шықты... Сәрсенбіге қараған түні мұнай өңдеу зауытында асфальт қоймасы өртене бастады", – делінген телеарнаның сайтында.
Зардап шеккендер туралы ресми ақпарат келіп түскен жоқ.
Өрт сөндірілмеген, он шақты өрт сөндіру тобы жұмыс істеп жатыр. Өрттің себебі белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу