Ирактың Эрбиль провинциясында мұнай өңдеу зауыты өртеніп, екі өрт сөндіруші жарақат алды. Төтенше оқиға Махмур қаласының маңындағы өндіріс ошағында болды, деп жазады inbusiness.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Мамандар лаулаған жалынмен бірнеше сағат күресіп әзер сөндірген. Өрт сөндірушілерден басқа жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Апаттың себептері анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу