Киркук қаласында бір топ жанкешті полиция бекеті мен электр станциясына шабуыл жасады. Оқиға кезінде оларға сол нысандардың күзетшілері тойтарыс берді, деп хабарлады 24.kz сайты.
Бұл шабуылды ТГИЛ тобы ұйымдастырғаны туралы ақпарат бар. Себебі топтың содырлары осы қалаға басып кіріп, қонақ үйді басып алған екен. Осыған байланысты Киркукта коменданттық сағат енгізілді. Оқиға барысында қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды жергілікті БАҚ-қа сілтеме берген BBC.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу