Иракта шеруге шыққандардың 100-ден астамы мерт болды

779

Әскерилер халықты тарату үшін бастапқыда көзді жасаурататын газ атып, су шашса, кейін қару қолданды.

Иракта шеруге шыққандардың 100-ден астамы мерт болды

Бір апта ішінде Ирактың қарулы күштері мен үкіметке наразы топ арасындағы қақтығыс салдарынан 104 адамның ажалы келді, деп хабарлайды Atameken Business.

Шеруге шыққан жұмыссыз халық әбден ашынған. Олар жемқорлық жайлаған биліктің отставкаға кетуін талап етуде. Полиция демонстранттарға ие бола алмағандықтан, қалаға қарулы күш енгізіп, коммендаттық сағат жариялады. Әскерилер халықты тарату үшін бастапқыда көзді жасаурататын газ атып, су шашса, кейін қару қолданды.

"Әлі нақты дерек дей алмаймыз. Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігінің есебіне сүйенсек, жараланғандар саны 6107, қаза болғандар – 104. Олардың арасында бейбіт тұрғындар, шеруге шыққандар мен қарулы күштердің де өкілдері бар. 1241 әскери азамат ауыр жарақат алды. 8-і жан тапсырған. Демонстарнттар 52 көлікті, екі бақылау бекеті мен бірнеше мейрамхана және үкіметке тиеслі 51 ғимаратты жағып жіберді",– дейді Ирактың ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Саад Маан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу