Иракта Telegram бұғатталды

488

Бұл елде Telegram хабар алмасу және жаңалық көзі ретінде қолданылған.

Иракта Telegram бұғатталды Фото: ИноСМИ

Ирактың байланыс министрлігі ұлттық қауіпсіздік мақсатында Telegram мессенджері бұғатталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz Reuters-ке сілтеме жасап. 

Ведомствоның хабарлауынша, олар платформаға мемлекеттік мекемелердің мәліметтері мен азаматтардың дербес деректерін жариялайтын арналарды жою туралы өтінішпен жүгінген. Бірақ Telegram бұл сұрауға жауап бермеді, деп жалғастырды министрлік.

"Байланыс министрлігі мемлекет пен оның институттарының қауіпсіздігіне нұқсан келтірместен азаматтардың сөз бостандығы мен қарым-қатынас жасау құқығына деген адалдығын растайды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу