Иракта үйлену той кезіндегі өрттен қаза тапқандар 117-ге жетті

503

Күйеу жігіттің ата-анасы да қаза тапқан.

Иракта үйлену той кезіндегі өрттен қаза тапқандар 117-ге жетті Фото: Shagaq news

Ирактың солтүстігіндегі Нейнава провинциясындағы үйлену тойында болған алапат өрттен кейін соңғы күндері тағы 20-дан астам күйіктен көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жақында қалыңдықтың әкесі қайтыс болғаны айтылды. Агенттік мәліметінше, күйеу жігіттің ата-анасы да қаза тапқан.

Ал жас жұбайлардың өздері аман қалды.

Бұған дейін үйлену тойындағы өртке қатысты 14 адам ұсталғаны хабарланған болатын. Оларлың арасында жұиысшылар, той өткен залдың иесі, сондай-ақ пиротехниканы жаққан адамдар бар. Ирак полициясы мәлімдегендей, қауіпсіздік шараларының мүлдем сақталмауы өрттің негізгі себебі болған. 

Кейінірек өрттің кездейсоқ шыққаны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу