Бұл туралы 27 қыркүйекте Al Arabiya Денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Ирактың Денсаулық сақтау департаменті Ниневия провинциясы Хамданиядағы тойханадағы өрттен 100 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланғанын хабарлады", - делінген хабарламада.
Азаматтық қорғаныс басқармасының ақпаратына сілтеме жасай отырып, телеарна атап өткендей, үйлену залы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін тез жанатын панельдермен жабылған. Сондай-ақ дабыл және өрт сөндіру жүйелерінің қауіпсіздік талаптарына сай болмағаны анықталды.
Ирак Премьер-министрі Мухаммед Шиа Ас-Судани ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі Бағдад пен басқа провинциялардан қосымша күш жіберді.