Бағдадтың оңтүстігіндегі жанармай құю бекетінде болған терактіден жүзге жуық адам қаза болды. Бұған дейін 80 адамның көз жұмғаны туралы айтылған еді. Теракт Бағдадтан 100 шақырым жерде орналасқан Хилла қаласында болды, деп хабарлайды РБК. Жарылғыш зат қойылған жүк көлігі жарылған сәтте жанармай құю бекетінде адам толы бес автобус тұрған. Қаза болғандардың арасында Иран мен Бахрейн азаматтары да бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу