Иракта жаппай наразылық акциялары басталды

648

Ел полициясы күшейтілген режимде көшелерді патрульдеуде. 

Иракта жаппай наразылық акциялары басталды

Иракта үкімет отставкаға кетуге мәжбүр болған 2019 жылы жаппай шерулердің үш жылдығына арналған шерулер өтіп жатыр, деп жазды inbusiness.kz.

Бағдат орталығындағы Тахрир алаңында шииттік "Садр" қозғалысының жетекшісі Муктада ас-Садрды қолдаушылар көп жиналды. Ел полициясы күшейтілген режимде көшелерді патрульдеуде.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 1 қазанында Ирак астанасында үкіметке қарсы наразылықтар басталып, көп ұзамай елдің оңтүстік провинцияларын қамтыды. Қауіпсіздік күштерімен қақтығыстарда кем дегенде 600 адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу