АҚШ-тың Ирактағы елшілігіне зымырандар атылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Әл-Арабия" телеарнасына сілтеме жасап.
БАҚ-тың хабарлауынша, америкалық дипломатиялық миссия аумағында зымырандық шабуылға тойтарыс беретін қорғаныс (әуе шабуылына қарсы қорғаныс) жүйелері іске қосылған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен шабуылдың салдары туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігіне ішінде жарылғыш заттары бар ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар шабуыл жасаған еді. Аппараттардың бірі дипмиссия аумағында оқ жаудырған болатын. Жергілікті БАҚ елшіліктің жанында орналасқан әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бұған жауап ретінде дрондарға оқ атты деп хабарлады.
Табиғат Нұрболат