Ирактағы әскери базаға "Катюша" зымыранымен шабуыл жасалды

2139

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады.

Ирактағы әскери базаға "Катюша" зымыранымен шабуыл жасалды

Ирак астанасы Бағдат қаласының солтүстігінен 30 шақырым жердегі америкалық әскерилер шоғырланған базаға шабуыл ұйымдастырылды. Бұл туралы Al Jazeera басылымы хабарлады. Бірақ кімнің шабуылдағаны белгісіз. 

Anadolu  басылымының дерегіне сүйенсек, әскери операция барысында 2 "Катюша" зымыраны пайдаланылған. Бұл ақпаратты агенттікке есімін жасыруды сұраған әскер капитаны айтқан көрінеді. 

Қазір Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс аса қатты ушықпағанымен, Таяу Шығыстағы ахуал әлемді алаңдатып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда Иран Ирак елінде шоғырланған америкалық әскерилердің базасына соққы жасаған болатын. Ресми Тегеран бұның салдарынан 80 адам қаза тапты деп жарияласа, Ақ үй басшысы Дональд Трамп ешбір америкалық азамат қаза таппады деп мәлімдеді. Иранның мұндай қадамға баруына Құрама Штаттардың ирандық генерал Касем Сулейманиді өлтіруі итермелеген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу