Ирактағы қақтығыс кезінде 20 адам қаза тапты

739

280-нен астамы жараланды.   

Ирактағы қақтығыс кезінде 20 адам қаза тапты

Ирак астанасы Бағдадтағы қақтығыста 20 адам қайтыс болып, екі жүз сексеннен астамы жарақат алды. 

Бұл туралы Directorate 4 Telegram арнасы хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.
 
Ирак астанасындағы қақтығысты басу үшін қарулы күштердің арнайы жасақтары тартылды. Шетелдік дипломатиялық өкілдіктер өз қызметін тоқтатып, қызметкерлерін Бағдадтан эвакуациялады. Басра қаласында да қақтығыстар болып жатыр.

Еске сала кетсек, аталған елдегі қақтығыстар шілде айының соңында шиіттердің парламенттегі өкілі Мұхаммед әл-Судани премьер-министр лауазымына ұсынылғаннан кейін басталды. Муктада ас-Садр жақтастары шиіттерден бұл лауазымға тек сол ғана үміткер болуы керек деп санайды, сондықтан олар бүгінгі күнге дейін наразылықтарын жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу