Ирактағы көтерілісшілер Иран елшілігін өртеп жіберді

1040

Бүгін қалада комменданттық сағат жарияланды. Ішкі істер және денсаулық сақтау саласынан басқа барлық мемлекеттік органдар жұмысын тоқтатты. 

Ирактағы көтерілісшілер Иран елшілігін өртеп жіберді

Ирактың оңтүстігінде наразылық шеруі өршіп барады. Ашынған халық Эн-Наджафе қаласындағы Иранның консулдығын өртеп жіберді, деп хабарлайды Atameken Business.

Олар өрт сөндірушілердің ғимаратты сақтап қалуына кедергі келтірген. Бүгін қалада комменданттық сағат жарияланды. Ішкі істер және денсаулық сақтау саласынан басқа барлық мемлекеттік органдар жұмысын тоқтатты. Билік қауіпсіздікті күшейтіп жатыр.
Басра мен Кербаладағы халық та көтеріліске шықты. Олар Тегерандағы биліктің елдің ішкі саясатына араласуына қарсы.

Ирактағы наразылық акциялары қазан айында басталған. Содан бері полиция мен халық арасындағы қарулы қақтығыс толастар емес. Тәртіп сақшылары демонстранттарға қару қолданып,  екі айдың ішінде 350 адам жантапсырған. Ауыр жарақат алғандар саны 15 мыңнан асады. 

Шеруге шыққандар биліктің отставкаға кетуін талап етуде. Елде кезектен тыс Парламент сайлауын өткізіп, саяси элитаның ауысқанын қалайды. Себебі халық жұмыссыз, аш-жалаңаш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу