Ирактың Эрбиль қаласында белгісіз біреулер шабуыл жасап, салдарынан қаза тапқандар саны 3-ке жетті. Бұл туралы күрдтердің жергілікті телеарналары хабарлап жатыр.
Ажал құшқандардың қатарында Түркияның Ирактағы бас консулының орынбасары мен консулдықтың бір қызметкері және бір Ирак азаматы бар. Тағы бірі ауыр жарақат алған.
Оқиға жергілікті мейрамханада болған. Ресми дерекке сүйенсек, қарулы топ тамақтануға келген дипломаттарға оқ жаудырып, іздерін суытып үлгерген. Қазір осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Ирактық Күрдістанның қауіпсіздік күштері қылмыс жасағандарды тауып, жазасын беруге уәде етті.
Табиғат Нұрболат