Ирактың Су ресурстары министрлігінің кеңесшісі Хаха Дараа елдегі су қорының тарихтағы ең төменгі деңгейге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Газета" басылымына сілтеме жасап.
Хаха Дараның айтуынша, Ирак су тапшылығының алдында тұр. Су қоймалары мен бөгеттердегі қор Су ресурстары министрлігінің тарихындағы ең төмен көрсеткіш", - деді министрлік кеңесшісі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Қырғызстаннан су беруді тоқтатудан келген шығынды бағалаған болатын. Биыл көрші елден келетін су қоры күрт азайды. Қырғызстан билігі барлық міндеттемелерін орындап жатқанын мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу