Ирак астанасы Бағдадта екі жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лаңкестік актіні ұйысдастырғандардың дені шейіттер екен. Оқиға Бағдадтың оңтүстігіндегі Абу-Дашир кварталында жасалған. Жарылыс құрылғысы орнатылған алғашқы көлік полиция учаскесіне жақын жерде жарылды, екіншісі - қауіпсіздік күштерінің тексеру пункті маңында болған. Салдарынан 13 адам ажал құшып, 18-і зардап шекті.
Дәл осындай оқиға оңтүстіктегі Басра провинциясында да болған. Жұма күні жарылғыш заттар қойылған көлікке мінген жанкештілер провинцияның солтүстігі мен оңтүстігіндегі қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуыл жасаған. Соңғы мәліметтер бойынша, жеті адам қаза тауып, тағы 15-і жарақаттанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу