Ирактан қайтарылған балалар туыстарына берілді

840

Балалар еліміздің символы "Бәйтерек" монументінде туыстарына тапсырылды.

Ирактан қайтарылған балалар туыстарына берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен гуманитарлық акция аясында Ирактан Қазақстанға қайтарылған балалар жақын туыстарына берілді, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко, ҚР Білім және ғылым Министрінің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі Раиса Шер және т.б. қатысты.

Балалар еліміздің тәуелсіздігі күні қарсаңында "Бәйтерек" басында өз туыстарымен қауышуы өте символикалық мәнге ие. Балалар "Бәйтерек" мүсінін өз суреттерінде салып, оның ішінде бір болып көруді, еліне оралуды армандап келген. Бүгін сол армандарының барлығы орындалып, елге оралып, "Бәйтерек" ішін аралап, өз туыстарымен қауышты. Әр қазақстандық баланың періште арманы орындалуы тиіс және мемлекет те соған мүдделі.

Сондай-ақ, Қазақстандық дипломаттар бірлестігі мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі атынан балаларға естелік сыйлықтар берілді.

Алдағы уақытта олардың болашағы мемлекет тарапынан бақылауда болады. Олар еліміздегі барлық балаларымен бірге жалпы білім беру мекемелерінде еш кедергісіз білім алатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу