ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға қайтарылған балалар жақын туыстарына берілді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Балалардың туыстары "Бәйтерек" монументіне шақырылған. Монумент кездесу орны ретінде тегін таңдалмапты.
"Балалар "Бәйтерек" мүсінін өз суреттерінде салып, оның ішінде бір болып көруді, еліне оралуды армандап келген. Бүгін сол армандарының барлығы орындалып, елге оралып, "Бәйтерек" ішін аралап, өз туыстарымен қауышты",– делінген СІМ хабарламасында.
Балаларға Қазақстандық дипломаттар бірлестігі мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі атынан естелік сыйлықтар берілді.
Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко, ҚР Білім және ғылым министрінің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі Раиса Шер және т.б. қатысты.
"Алдағы уақытта олардың болашағы мемлекет тарапынан бақылауда болады. Олар еліміздегі барлық балаларымен бірге жалпы білім беру мекемелерінде еш кедергісіз білім алатын болады",– дейді ведомстводан.