Иран 17 АҚШ тыңшысына қатысты үкім шығарды

849

Кейбірі өлім жазасына кесілген.

  Иран 17 АҚШ тыңшысына қатысты үкім шығарды

Ресми Тегеран "АҚШ-тың Орталық барлау қызметіне маңызды ақпарат жеткізген" деген айып тағылған 17 адамға қатысты үкім шығарды. Иранның ұлттық қауіпсіздік және ақпарат министрлігі өкілдерінің айтуынша, олар Вашингтонның Орталық барлау қызметінде арнайы жаттығудан өткен.

Соңғы ресми дерекке сүйенсек, кейбірі өлім жазасына кесілген.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Иранның америкалық тыңшыларды ұстағаны туралы мәлімдемесі шындыққа жаспайтынын алға тартып отыр. Ол өзінің Твиттердегі парақшасында Иран билігінің жалған ақпарат таратып отырғанын жазды.

Айта кетейік, соңғы уақытта Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіс ушығып барады. Бұған дейін Дональд Трамп Ормуз бұғазында АҚШ тарапы ирандық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың көзін жойғанын хабарлаған еді. Ресми Тегеран болса, бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу