Иран Қарулы Күштерінің ресми өкілі Абольфазл Шекарчи мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында америкалық әскери күштер пайдаланатын кез келген нысан заңды әскери мақсат ретінде қарастырылатынын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ Иранның Ислам революциялық гвардия корпусы бейбіт тұрғындарды АҚШ әскері орналасқан аймақтардан алшақ болуға шақырып, мұндай нысандарға соққы жасалуы ықтимал екенін ескертті.
Әзірге АҚШ тарапы бұл мәлімдемелерге ресми жауап берген жоқ. Бұған дейін АҚШ Конгресінің кейбір мүшелері Иранға қатысты әскери шешімдерге алаңдаушылық білдіргені хабарланған болатын.