Тегеран Вашингтонмен жаңа келіссөз раундына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Иранның ресми ақпарат агенттігі IRNA жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Тиісті ақпарат агенттіктің X әлеуметтік желісіндегі ағылшынтілді парақшасында пайда болды. Онда Иранның жаңа келіссөздерге қатыспауы туралы айтылған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл талаптардың тым жоғары болуымен, Вашингтон ұстанымының үнемі өзгеруімен, қарама-қайшы мәлімдемелердің жиі айтылуымен және теңіз блокадасының жалғасуымен байланысты.
IRNA-ның парсы тіліндегі басқа жазбасында Тегеран мен Вашингтон арасындағы бейбіт келіссөздердің екінші раунды Исламабадта өтеді деген ақпарат "шындыққа сай келмейді" делінген. Агенттік АҚШ таратып жатқан ақпаратты Иранға қысым жасау мақсатындағы ойын тәсілі деп сипаттады. Басылымның жазуынша, қазіргі жағдайда келіссөздер жүргізуші үшін оң перспектива туралы айту қиын.
АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім 21 сәуір күні аяқталады. Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп америкалық делегация Исламабадқа аттанып, Иранмен жаңа келіссөздер өткізетінін айтқан болатын.