Иран АҚШ-тың 1 ұшағы мен 2 тікұшағын атып түсірді

332

Бұл туралы Тегеран хабарлады. 

Иран АҚШ-тың 1 ұшағы мен 2 тікұшағын атып түсірді Фото: YouTube

Иран әскері АҚШ армиясының бір ұшағы мен екі тікұшағын атып түсіргенін мәлімдеді. Әуе кемелері Иран аумағында құлаған жойғыш ұшақтың ұшқышын эвакуациялау бойынша құтқару операциясына қатысқан. Бұл туралы Иранның орталық жедел қолбасшылығына сілтеме жасаған AFP агенттігі жазды. Аталған ақпарат басқа дереккөздермен әлі расталмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, АҚШ әскеріне тиесілі әуе кемелеріне Исфахан қаласының оңтүстігінде шабуыл жасалған. Әңгіме Black Hawk типіндегі екі тікұшақ пен C-130 әскери-көлік ұшағы туралы болып отыр. Тиісті хабарламада Иран әскері АҚШ-тың құтқару операциясын "сәтсіз" деп бағалаған.

Иранның "Тасним" ақпарат агенттігі Ислам революциясы сақшылар корпусына сілтеме жасап, елдің оңтүстік-батысындағы АҚШ-тың құтқару операциясы барысында бес адам қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл ретте олардың кім екені туралы нақты ақпарат берілмеген.

Бұған дейін Исфахан аймағында Израильдің Hermes-900 және АҚШ-тың MQ-9 дроны атып түсірілгені айтылды. Fars News Agency мәліметінше, 4 сәуірден бастап АҚШ-тың іздестіру операциялары Иранның үш провинциясында да жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу