Иран АҚШ-тың ұшақтарына әуе кеңістігін кесіп өтуге тыйым салды

1000

Иран АҚШ-тың ұшақтарына әуе кеңістігін кесіп өтуге тыйым салды

Иран АҚШ-тың ұшақтарына әуе кеңістігін кесіп өтуге тыйым салды, деп хабарлайды islam.kz.

Бұл тыйым АҚШ-тың әскери ұшақтарына ғана емес, сонымен қатар, азаматтық авиациясына да қатысты енгізілген. Иранның  "Хатам әл-Анбия" зымыранға қарсы қорғаныс базасының қолбасшысы генерал Әмір Исмаил Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың Иранға және мұсылмандарға қарсы жүргізіп отырған саясатына қарсы осындай шара қолданғандарын жеткізді.

"Біз әлемге екіжүзді саясат ұстанбаймыз өз-өзіне сенімді АҚШ секілді. Біз америкалық ұшақтарға, тіпті, жолаушылар тасымалдайтын ұшақтардың өзіне Иранның әуе кеңістігін кесіп өтуге жол бермейміз",- деп мәлімдеді генерал.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айының соңында АҚШ-тың Әскери теңіз күштеріне тиесілі кеме ирандық әскери кемеге Парсы шығанағында оқ атқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу