Иранның астанасы Тегеран мен басқа қалаларында наразылық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.
Иранда соңғы үш жылдағы ең ауқымды наразылықтар өтті. Бұған риалдың құлдырауы мен Иран Орталық банкі басшысының отставкасы себеп болған. БАҚ-тың жазуынша, бір доллар шамамен 1,4 миллион риал деңгейінде түр. Бұл – рекордтық деңгейдегі құлдырау. Бұл бағам қарапайым азаматтар үшін белгіленген, ал Орталық банктің ресми бағамы бұдан әлдеқайда жоғары. Мемлекеттік бағам мемлекетаралық операциялар мен ақша аударымдары кезінде ғана қолданылады.
Иран халқы қаржылық дағдарыс одан әрі өршуі мүмкін деп қауіптеніп отыр. Валютаның күрт құнсыздануы үй шаруашылықтарына инфляциялық қысымды күшейтіп, азық-түлік пен күнделікті тұрмыстық заттардың бағасының өсуіне әкеледі.