Иран әуе компаниясы Boeing-пен ірі келісімшартқа отырды

1133

Иран әуе компаниясы Boeing-пен ірі келісімшартқа отырды

Иранның ұлттық әуе тасымалдаушысы Iran Air Boeing-пен  80 ұшақ сатып алуға келісімшарт жасады. Мәміле құны 16,6 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды Reuters.

РБК-ның хабарлауынша, келісімшарт шеңберінде Iran Air он жыл көлемінде 50 Boeing 737 ұшағына және 30 Boeing 777 ұшағын сатып алады. Әуе компаниясының бас атқарушы директоры Фархад Парварештің айтуынша, бұл – АҚШ пен Иран арасында 1979 жылғы Ислам төңкерісінен кейінгі алғашқы "ең ірі келісімшарт".

Агенттік Boeing-тің АҚШ үкіметінен келісімшарт жасасуға түпкілікті рұқсат алғанын айтады. Бұл келісімшартты жасау 2015 жылы Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату туралы келісімге қол қоюға байланысты Ираннан бірқатар халықаралық санкциялар алынып тасталған соң мүмкін болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу