Иранның қорғаныс күштері "жер-ауа" санатына жататын әуе қорғанысына қарсы жүйесінің зымыранын сынақтан өткізді, деп хабарлады бейсенбі күні америкалық ресми тұлғаларға сілтеме жасаған Си-Эн-Эн.
Сынақ сәрсенбі күні өтті. Си-Эн-Эн-нің айтуынша, бұл Теһранға баллистикалық зымыранды сынауға тыйым салатын БҰҰ ҚК қарарына қайшы келмейді.
"Біз иран әскерилерінің қызметін жіті қадағалап отырмыз", – деп атап өтті телеарнаға әңгімелесуші.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу