Иран Азияға мұнай экспортын 117%-ға арттырды

904

Иран Азияға мұнай экспортын 117%-ға арттырды

Иран Азия-Тынық мұхит аймағы елдеріне экспорттайтын мұнай көлемін екі есеге көбейтті, деп жазады "Вести.Экономика".

2016 жылдың қарашасында Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея және Жапонияға жөнелтілген иран мұнайының  көлемі тәулігіне  1,94 млн баррельге жетті. Бұл 2015 жылдың қарашасындағы көрсеткіштен 117 %-ға көп екенін  Иран үкіметінің ресми статистикасы және танкерлердің трекинг мәліметтері растап отыр.

Рейтердің айтуынша, иран мұнайын үш ай қатарынан  ірі көлемде  импорттаған Үндістан (тәулігіне 620 мың баррель), одан кейін Қытай (тәулігіне 611 мың баррель), Оңтүстік Корея (тәулігіне 472 мың баррель) және Жапония (тәулігіне 237 мың баррель) болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу