Иран байытылған уранын кері қайтармақ

579

Иран 2015 жылы әлемнің 6 жетекші елімен өзінің ядролық бағдарламасын тоқтату туралы келісімге қол қойып, елдегі байытылған уранның 10 партиясын Ресейге берген болатын.

Иран байытылған уранын кері қайтармақ

Иран 2015 жылғы ядролық келісімнен кейін Ресейге апарған байытылған уранының екінші партиясын кері қайтармақ. Бұл туралы Иран атом энергиясы жөніндегі ұйымның өкілі Бехруз Камальванди мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, Иран бұл мемлекеттегі байытылған уранның кез келген бөлігін кері қайтарып, оны елдің ядролық зерттеу реакторында 7-8 жыл ішінде қолдана алады.

Еске сала кетейік, Иран 2015 жылы әлемнің 6 жетекші елімен өзінің ядролық бағдарламасын тоқтату туралы келісімге қол қойып, елдегі байытылған уранның 10 партиясын Ресейге берген болатын. Бірақ биыл мамыр айында президент Дональд Трамп АҚШ-тың бұл келісімнен шығатынын мәлімдеп, ресми Теһран уранды байыту қуатын қайта арттыратынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу