Иран баллистикалық зымыран жасап шығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.
Ол 1400 шақырым қашықтықтағы кез келген нысанаға дәл соққы бере алады. Сонымен қатар, зымыранды жоятын бірде-бір құрал жоқ, деп мәлімдеді елдің Гвардия әуе күштерінің басшысы.
Өз кезегінде Батыс елдерінің сарапшылары Тегеранның бұл мүмкіндіктеріне алаңдаушылық танытты.
Айта кетерлігі, "Фаттах" деп аталған зымыран дыбыс жылдамдығынан кем дегенде 5 есе тез және күрделі траектория бойынша ұша алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу