Иран билігі елдегі жаппай наразылықтардан кейін әдеп полициясын таратып жіберді

510

Иранның Бас прокуроры әдеп полициясының таратылғанын және билік хиджаб туралы заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD_Russian арнасына сілтеме жасап.

Иран билігі елдегі жаппай наразылықтардан кейін әдеп полициясын таратып жіберді

– Әдеп полициясы таратылды, бірақ сот жүйесі бұл әлеуметтік мәселемен айналысуды жалғастырады, – деп келтіреді Мұхаммед Джафар Монтазеридің сөзін Shargh daily газеті.

Оның айтуынша әйелдердің орамалын реттейтін заңға ел парламенті өзгерістер енгізбек. Алайда Заңда нақты нені өзгертуге болатыны туралы толық ақпарат берілмейді.

Бас прокурор сот қызметкерлері мен парламент депутаттарынан құралған комиссия осы мәселе бойынша бас қосып, бір-екі аптадан кейін қорытындысын шығаратынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу