Иран билігі халқынан WhatsApp қосымшасын өшіріп тастауды сұрап жатыр

Олар мұндай қадамға амалсыздан барып отыр. 

Иран билігі халқынан WhatsApp қосымшасын өшіріп тастауды сұрап жатыр Фото: life.ru

Иранның мемлекеттік телеарнасы азаматтарға ұялы телефонынан WhatsApp қосымшасын өшіруге кеңес берген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өйткені, мессенджер "қолданушылар дерегін Израильге жолдап жатқан болуы мүмкін" деген күдік бар. Бірақ, оған нақты дәлел жоқ.

Десе де, Meta корпорациясына тиесілі WhatsApp компаниясы ресми мәлімдеме жасап, мұндай ауыр айыптауды теріске шығарды.

– Осы жалған хабарламалар қызметті бұғаттауға себеп болуы мүмкін, ал адамдар үшін байланыста болу әсіресе маңызды. Біз қолданушылардың нақты орналасқан жерін бақыламаймыз, сөйлесу журналдарын сақтамаймыз және үкіметтерге жаппай ақпарат бермейміз, – делінген мәлімдемеде.

Дегенмен, сарапшылар қосымша әлі де шифрланбаған метадеректерді жинауы мүмкін екенін айтқан.

– Мемлекеттер өзінің алгоритмдерін пайдаланып, деректерді өз аумағында орналастырып, өңдеуі керек. Глобалды сақтау инфрақұрылымына деген сенім төмендеп келеді, – дейді Корнелл университет инженерлік факультетінің профессоры Грегори Фалько.

Негізінен, Иранда әлеуметтік желілерге қолжетімділік уақытша шектеліп тұрады. Ресми тыйым болса да, көптеген пайдаланушы оны VPN арқылы елемеуге тырысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу