Иран доллардан бас тартты

781

Иран доллардан бас тартты

Иран импорттық мәмілелерді доллармен жасауға тыйым салды, деп хабарлайды lenta.ru.

Енді транзакциялауда  доллар пайдаланылса, елдің кеден органдары сырттан кіретін тауарға декларация толтырмайды.

Риалдың құлдырауының жалғасуы долларға шектеудің бір себебі болып отыр. Жыл басынан бері Иран валютасы 8 пайызға әлсіреген, өткен жылы да құлдыраған еді. Доллармен импорттауға шектеу қою Ислам Республикасының ішінде оған деген сұранысты төмендетеді деп күтілуде.

Импорттаушылар долларды евроға немесе ұлттық валютаға айырбастай алады. Елдің орталық банкі халықаралық мәмілелерде кедергілер мен іркілістер туындамайды, себебі доллардың сыртқы сауда операцияларындағы үлесі онсыз да төмен.

Қарашада Иран көшбасшысы Али Хаменеи Ресей президенті Владимиром Путинмен кездесуінде Теһран мен Мәскеудің ынтымақтастығы АҚШ-ты тұқыртуға сеп болады. Соның бірі долларды қолданудың аясын шектеу болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу