Иран елдің оңтүстігінде екі жаңа атом электр станциясын салып жатыр

491

Жоба Бушер провинциясында жүзеге асырылады

Иран елдің оңтүстігінде екі жаңа атом электр станциясын салып жатыр Фото: Ашық дереккөзден

 

Иранның оңтүстігіндегі Парсы шығанағы жағалауында орналасқан Бушер провинциясында екі жаңа атом электр станциясының құрылысы басталды, деп жазады Inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

"Бушер провинциясында әрқайсысының қуаты 1080 мегаватт болатын 2 атом электр станциясының құрылысы басталды", - деді аймақ губернаторы Ахмед Мұхаммедизаде.

Губернатор бұл жобаны ирандық инженерлер мен мамандар толығымен жүзеге асырғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Бушер провинциясында 3000 мегаватт атом электр станциясы орналасқан. 1976 жылы немістер бастаған электр станциясының құрылысы Ислам революциясымен және одан кейінгі Иран-Ирак соғысы салдарынан тоқтатылған еді.

1995 жылы Ресеймен жасалған келісімнің нәтижесінде алғашқы 60 МВт нысандар 2011 жылы пайдалануға берілді. 2015 жылы нысандардың қуаты 3 мың мегаваттқа дейін ұлғайтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу