Иран елі көлік хабына айналады

353

Бұл туралы Ислам Республикасының Азаматтық авиация ұйымының басшысы Мұхаммед Мұхаммеди-Бахш IRNA агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. 

Иран елі көлік хабына айналады Фото: pixabay.com

Жақын арада Иран Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) қол қойылған Еркін сауда аймағын құру туралы келісімнің арқасында ірі көлік хабына айналады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты IRNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Біздің елімізде ашық суларға қолжетімділіктің болуы бізге Солтүстік — Оңтүстік дәлізі бойынша жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және ЕАЭО-ға мүше елдермен әуе көлігі қатынасының дамуымен Иран ірі көлік хабына айналады", — деп айтып өтті Ислам Республикасы Азаматтық авиация ұйымының басшысы.

Сондай-ақ, ол Иранның геосаяси жағдайын және әртүрлі көлік түрлерімен жүк тасымалдау тәжірибесін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен олардың осы саладағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе көлігі қатынастарын дамытудың әлеуеті зор екенін түсіндірді.

Айта кету керек, 25 желтоқсан күні ЕАЭО елдері Иранмен толық форматтағы еркін сауда туралы келісімге қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі Ресей президенті Владимир Путин қатысқан Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу