Иран Еуроодақ пен Ұлыбританияға қарсы санкциялар енгізеді

543

Иранның Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Одақ пен Британдық шенеуніктер мен ұйымдарға Ирандағы тәртіпсіздіктерді қолдап, оның өршуіне түрткі болуына байланысты жауап ретінде санкциялар енгізді.  

Иран Еуроодақ пен Ұлыбританияға қарсы санкциялар енгізеді Фото: img5.eadaily.com

Бұл туралы 13 желтоқсанда Tasnim News хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі тиісті органдардың рұқсатымен террористік топтарды әдейі қолдап, Иран халқына қарсы тәртіпсіздіктер, террористік актілер мен адам құқықтарының бұзылуына себеп болған терроризмге, зорлық-зомбылық пен жеккөрушілікке итермеледі деген айыппен бірқатар адамдарға санкциялар салады", - деді Ислам Республикасының СІМ өкілі Насер Канаани.

Бұған дейін, Иранның Сыртқы істер министрлігі Австралия үкіметінің бірқатар ирандық адамдар мен ұйымдарға санкциялар енгізу жөніндегі әрекеттерін айыптағанын еске саламыз.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу