Иран Еуроодаққа өкпелі

969

Ядролық келісімге мүше еуропалық елдер міндеттемелерін орындамай отыр. Бұған жауап ретінде ресми Тегеран да шарттарды орындамайтынын білдірді. 

Иран Еуроодаққа өкпелі

"АҚШ ядролық келісімнен шығып кеткеннен кейін, Еуропалық одақ бұл олқылықтың орнын жоймақ болған. Бірақ жоспарын іске асыра алмады",– дейді Иран вице-президенті Әли Ақбар Сәлехи. 

Оның айтуынша, ядролық келісім біржақты уағдаластық емес, сондықтан Иран келісімге мүше елдердің әрекетіне сәйкес тиісті шешім қабылдамақ. 

6 қыркүйекте Ислам Республикасы зерттеулерге салынған тыйымды орындаудан бас тартып, уран байыту процесін бастаған болатын. Ресми дерекке сүйенсек, химиялық затты байыту 20 пайызға көтеріледі деп жоспарланған. Яғни бұл Иранға ядролық қару жасауға мүмкіндік береді дегенді білдіреді. 

"АҚШ-тың бұрыс шешім қабылдауы Иранның осылай жасауына түрткі болды. Өйткені бірлескен іс-әрекет жоспарының бұзылуы шиеленістің өршуіне себеп болады", – дейді Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан. 

Ал Иран болса, басқа елдер міндеттемелерді орындамайынша райынан қайтпайтынын алға тартып отыр. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу