Иран халқы президенттің қайғылы қазасына байланысты бес күн аза тұтады

393

Түркия оқиға орнына 32 альпинист пен тікұшақ жіберді.

Иран халқы президенттің қайғылы қазасына байланысты бес күн аза тұтады Фото: nody.ir

Иранның рухани көсемі аятолла Сейед Әли Хаменеи Иранның президенті Ибрахим Раиси мен оның қасындағылардың елдің солтүстік-батысында тікұшақ апатынан қаза болуына байланысты бес күндік жалпыхалықтық аза тұту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты IRNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Аятолла Хаменеи дүйсенбі күні таңертең таратқан жолдауында өткен күні Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясында болған оқиғада президент Раисидің қайтыс болуына байланысты қатты қайғырды.

Жолдауда Жоғарғы көшбасшы Раисиді өмірін Иран халқына, еліне және исламға қызмет етуге арнаған еңбекқор дінбасы және танымал президент деп сипаттады.

"Бұл қайғылы оқиғада Иран халқы жүрегі кең, кішіпейіл және құнды қызметшісінен айырылды", — деді аятолла Хаменеи.

Ол сондай-ақ президент Раиси қаскөйлердің сынына қарамастан, Иран халқы үшін тәулік бойы қажырлы жұмысын тоқтатпағанын қосып өтті.

Ол Иран халқына көңіл айтып, вице-президент Мохаммад Мохберге уақытша президент қызметін атқаруға және Иран парламенті мен сот жүйесінің басшыларымен алдағы 50 күн ішінде жаңа президентті сайлауға жол ашуға рұқсат берді.

Аятолла Хаменеи сондай-ақ Шығыс Әзербайжанда тікұшақ апаты кезінде президент Раисимен бірге болған басқа жоғары лауазымды тұлғалардың, соның ішінде Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Жоғарғы Көшбасшының өкілі және Тебриз жұма намазының имамы Сейед Мохаммед Әли әл-Хашеми, Шығыс Әзербайжан губернаторы Малек Рахматидің қазасына байланысты көңіл айтты.

Еске сала кетсек, 19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып апатқа ұшыраған Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси қасындағы ресми тұлғалармен бірге көз жұмды. 

Иран президенті мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекаралас Верзеган қаласына жақын жерге апатты жағдайда қонды. 

Кейінірек Иран вице-президенті Мохсен Мансури Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін қасындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын айтты.

Түркия оқиға орнына 32 альпинист пен тікұшақ жіберді.

Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель Иран президенті Ибрахими Раисиге қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады.

Ресей президенті Владимир Путин апатты жағдайда қонған Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақты іздеуге көмектесу үшін 50 құтқарушы, екі ұшақ пен тікұшақ жіберуге бұйрық берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу