Иран Израиль басып кірген жағдайда "Хезболланы" қолдайтынын мәлімдеді

213

Иран және "қарсылық осінің" барлық мүшелері Израильмен қақтығыс болған жағдайда Ливанның "Хезболла" қозғалысын барлық тәсілдермен қолдайды. 

Иран Израиль басып кірген жағдайда "Хезболланы" қолдайтынын мәлімдеді Фото: avia.pro

Бұл туралы Иранның жоғарғы басшысының кеңесшісі Камал Харрази Financial Times газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Ол егер Израиль "Хезболлаға" ауқымды шабуыл жасар болса, аймақтық қақтығыс тууы мүмкін екенін атап өтті. Харразидің айтуынша, "Хезболланы" барлық ливандықтар мен араб елдері қолдайды.

Ол сондай-ақ Тегеранның аймақтық қақтығысқа қызығушылық танытпайтынын атап өтті және жағдай одан әрі өршіп кетпес үшін АҚШ-ты Израильге қысым жасауға шақырды.

Бұған дейін Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің сарапшысы Антон Мардасов НСН-ге берген сұхбатында, егер Израиль Хезболлаға қарсы құрлықтағы операцияны бастаса, онда бұл қозғалысқа Иорданиядағы Палестина қауымдастығы, Ирактан келген еріктілер мен ішінара Сирия көмектесетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу