Иран Израильге қарсы сарбаздарын қоймақ – WSJ

153

Иран Израильге тек зымыран мен ұшқышсыз ұшақтардан бөлек тұрақты армия сарбаздарын қолдану арқылы "қуатты әрі күрделі" шабуыл жасауды жоспарлап отыр. 

Иран Израильге қарсы сарбаздарын қоймақ – WSJ Фото: zn.ua

Бұл туралы Wall Street Journal Иран мен араб елдерінің ресми өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Басылымның ирандық сұхбатшысының айтуынша, Израильге қарсы жаңа шабуыл АҚШ-тағы 5 қарашадағы президент сайлауынан кейін, бірақ 2025 жылдың қаңтарында жаңа президенттің инаугурациясына дейін жасалады. Шенеунік Иран Израильге, соның ішінде Ирак аумағы арқылы шабуыл жасай алатынын, сонымен қатар Израильдің әскери нысандарына "бұрынғыдан әлдеқайда күшті" соққы бере алатынын атап өтті.

Иран шабуылда тек Ислам революциясы сақшылар корпусын (ИРСК) ғана емес, сонымен қатар тұрақты армияның сарбаздарын да пайдаланбақшы, бірақ аймақтағы әскерді толық жұмылдыру қарастырылмайды, тек ИРСК-ке қолдау көрсетіледі", - деп түсіндіреді WSJ сұхбатшылары.

"Біздің әскерилер адамдарын жоғалтты, сондықтан олар әрекет етуі керек", – деп түсіндірді ирандық дереккөз.

Иран билігінің хабарлауынша, қазан айының соңында Израильдің соққысынан төрт ирандық сарбаз қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу