Иран Израильге өз талабын қойды

4080

Хамас тұтқындағыларды Иранға беруге дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Иран Израильге өз талабын қойды Фото: bangkokbook.ru

Ал Иранның Израильмен арасы баяғыдан дұрыс емес. Оған қарамастан Иран тұтқындағыларды босатуға келісіп отыр.

Ол үшін Израиль түрмелерінде отырған 6 мыңға жуық Палестина азаматын босатуы керек. Иранның Сыртқы істер министрі Хосейн Амир осылай дейді.

Айтпақшы, Хамас Ердоғанның кешегі мәлімдемесін жоғары бағалапты. Ал Түркия Газаға 200 тонна гуманитарлық көмек жібермек.

БҰҰ жанындағы Израильдің тұрақты өкілі Гилад Эрдан "біз Палестинамен емес, Хамаспен соғысып жатырмыз" дейді.

Израиль бүгін Газаның Хан Юнус аймағын бомбылады. Шабуылдан 22 адам қаза тауып, 100-ге жуығы жараланған. Оның үстіне Израиль Газа аумағына құрлықтық шабуылын тағы кейінге қалдырды. Бірақ бомбылау жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу