Ал Израиль әскері өзіне екі бөлім бойынша кемі 20-25 зымыран ұшырылғанын мәлімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сәрсенбіге қараған түні Иран Израильге бірнеше зымыран ұшырса, олар да қарап қалар емес. Жалпы алғанда қос мемлекет арасындағы қақтығыс қазір қатты өршіп тұр.
Израиль қорғаныс армиясы 18 маусымда Тегеран аймағында әскери шабуыл басталғанын ресми Telegram арнасында жазды. Олар Тегеранның 18-округіндегі тұрғындарды эвакуациялауға шақырды.
– Қазіргі уақытта Израиль Әскери-әуе күштері Тегеран аймағында бірқатар соққы жасап жатыр, – делінген хабарламада.
Аталған ұйым Ираннан Израильге бағытталған зымырандардың да бар екенін хабарлаған. Израиль баспасөзі зымырандардың елдің орталығына құлағанын жазады. Десе де, нақты қай жерге түскені, қаншалықты зардап әкелгені әзірге белгісіз.
Израиль Тегеранға жасалған шабуылынан Иран қарулы күштерінің жоғары лауазымды өкілі қаза тапқанына басымдық берген.